Астанада күрес түрлерінен Азия Чемпионаты аяқталды

Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық спортшылар 2 алтын медаль жеңіп алды!

Ұлттық құрама қоржынына алтын жүлдені еркін күрес стилінің палуандары әкелді.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дархан Есенғали финалда жапон Кирин Киношитаны 7:2 есебімен ұтып, құрлық чемпионы атанды.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта күрескен Азамат Дәулетбеков Азияның екі дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. Отандасымыз финалдық белдесуде даңқты Иран палуаны Алиреза Каримимаханиді 4-1 есебімен жеңді.

Бұдан бөлек, Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Юсуп Батырмырзаевтың (125 кг) еншісінде күміс медальдар бар.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Астанада өткен Азия чемпионатын 7 алтын медальмен аяқтады. Айта кетейік, осыған дейін Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова, еркін күрес палуандары Болат Сақаев пен Санжар Досжанов, грек-рим стилі бойынша күрескен Ибрагим Магомадов құрлық чемпиондары атанған болатын.

Еркін күресте біздің команда 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды (жалпы командалық 1-ші орын). Грек-римде - 1 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде (жалпы командалық 3-ші орын). Әйелдер күресінде Қазақстанда 2 алтын және 3 қола медаль бар (жалпы есепте 4-ші орын).

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спринтерші қыздар Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді
Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының алтын жүлдегері
Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының күміс жүлдегері
Аяна Жолдас Азиада ойындарының қола жүлдегері
Евгений Кошкин Азия ойындарының күміс жүлдегері
Шорт-трек: Қазақстан құрамасы күміске қол жеткізді
Шорт-трек: Қазақстан құрамасы финалға шықты
Шорт-трек: 1000 метрде үш спортшымыз іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті
Қазақстан құрамасы Тайбейді аямады
Марсело футболдағы мансабын аяқтады
Азия-2025: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Тайпейден басым түсті
Азиада-2025: Қазақстандық керлингшілер жарыс жолын аяқтады
София Зубкова – Қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының ең жас шабуылшысы
ҚФФ чемпионаттарға төленетін жарнаны азайтты
Азияда - 2025: Керлингтен Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді
Елена Рыбакинаның жаңа бапкері белгілі болды
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды
Анастасия Городко параллель-могулдан күміс жүлде иеленді
Қазақстан Данияға есе жіберді
Әли Әлиев – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы