«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. Көрермендер Жазғы ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар», «Ел арна», «Jibek Joly» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазіргі уақытта техникалық дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жазғы ойындардың трансляциялар сигналы Eutelsat 7B, Hotbird 13e спутниктік желілері арқылы қабылданады. Корпорацияның тестілік режимдегі сигнал қабылдау жұмыстары сәтті өтті.

Олимпиада кезінде Парижде Корпорацияның арнайы түсірілім тобы жұмыс істейді. Түсірілім тобында белгілі спорт журналистері Телжан Күдеров пен Виктор Кирилюк бар. Сонымен бірге «Qazaqsan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Париж 2024» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.

 «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирінде 19 комментатор жұмыс істейді. Олар: Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Шалқар Естен, Ғалым Сүлейменов, Ерсін Ерікұлы, Азат Смағұлов, Лилиана Әлжанова, Исатай Мәдиев, Олжас Байбосынов, Уәлихан Қосанбай, Жандос Қонысбаев, Сергей Райлян, Әділет Құсайынов, Тимур Сүлейменов, Александр Олейник, Дмитрий Нестеренко, Эльдар Аманбаев, Арман Абдрахманов, Ербол Қайыров.

Ойындардың ашылу салтанаты арна эфирлерінен 26 шілде күні сағат 22:15-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Олимпиада ойындарының 5 телеарнадағы сайыстар кестесін алдағы уақытта ұсынамыз.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі