Париж Олимпиадасының алауы тұтанды

Франция астанасы – Парижде ресми түрде XXXIII жазғы Олимпия ойындары басталды. Төрт жылдықтың басты додасының ресми ашылу салтанатындағы «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның көк байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңілатлет Ольга Сафронова ұстап шықты.

Биылғы Олимпиаданың ашылу салтанаты тарихта алғаш рет ерекше форматта ұйымдастырылды. Яғни спортшылар шеруі әдеттегідей стадионда емес, әйгілі Сена өзенінде өтті. Әр делегация шеруге жеке қайықпен шықты. Шеруде спортшылар 6 шақырымдық қашықтықты басып өтіп, ресми рәсім өткен Трокадерода аялдады. Іс-шараның көркемдік жетекшісі – театр режиссері Томас Жолли.

Еске салсақ, Париждегі төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция жеріндегі додаға әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы қатысады. Париждегі бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 79 спортшы спорттың 25 түрінен жүлдеге таласады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі
Португалия құрамасының ойыншысы мен інісі жол апатынан қаза тапты
Юлия Путинцева мен америкалық Пейтон Стернс жұбы Уимблдон турнирінде жеңіліп қалды
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің алғашқы айналымында жеңілді
World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын