Дәурен Абаев шорт-тректен Қазақстан құрамасымен кездесті

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өтетін әлем Кубогінің төртінші кезеңі қарсаңында шорт-тректен ұлттық құрама мүшелерімен, Конькимен жүгірушілер халықаралық одағының конькимен жүгіру бойынша спорт директоры Уго Хернхоффпен және Конькимен жүгірушілер халықаралық одағының кеңес мүшесі Суванна Сильпа-арчамен кездесті.

Айта кетейік, ертең Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының IV кезеңі басталады. Жарыс 17-18 желтоқсанда «Халық Арена» мұз сарайында өтеді.

Ел намысын ерлер арасында: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Нұртілек Қажғали және Мерсаид Жақсыбаев сынға түссе, әйелдер арасында: Яна Хан, Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова, Алина Әжғалиева, Анастасия Астраханцева және Малика Ермек қорғайды.

«Соңғы жылдары біздің құрама әлемдік элитадағы өз позициясын айтарлықтай нығайтты. Әлем кубогы мен ірі халықаралық жарыстарда біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Осының бәрін ескере отырып, ISU конькимен жүгірушілер халықаралық одағы бізге 2022/23 маусымда әлем кубогының екі кезеңін қатарынан өткізуді сеніп тапсырды. Бұл ұйымдастыру комитеті үшін де, спортшылардың өздері үшін де жақсы тәжірибе болады. Сондықтан, елдегі жарыс сіздерге сәттілік әкелсін деп тілеймін! Жаңа белесті бағындырып, жетістікке жетіңіздер!», – деді Дәурен Абаев.

Спортшылар өз кезегінде министрге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, балалар мен жастар арасында шорт-тректің танымалдылығы артқанын атап өтті.

«Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрама үшін жаттығуларды жағары деңгейде ұйымдастыруға, қажетті спорттық жабдықтарды сатып алуға, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге және барлық халықаралық старттарға қатысуға жағдай жасап, шорт-тректен Қазақстан құрамасына толыққанды қолдау көрсетіп отыр», – деп атап өтті Қазақстан конькимен жүгірушілер федерациясы.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші жеңісіне жетті
ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 14 жүлде алды
Қазақстанның ерлер құрамасы шорт-тректен қола жүлде иеленді
Шорт-трек: Аралас эстафетадан Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарында қола жүлдеге ие болды
Кирилл Бауэр Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Елена Рыбакина бапкерімен қоштасты
Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды
Сандуғаш Кенжебекова ITF W15 турнирін екінші рет жеңіп алды
Қамшыбек Қоңқабаев спорттық мансабын аяқтады
Софья Самоделкина Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Арина Крюкова Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Роман Құрбанов Универсиада ойындарынан екінші медаль жеңіп алды
Қазақстандық теннисшілер үшінші айналымға шықты
Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter реалити-шоуына қатысады
Антон Бондарев Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Аяулым Әмренова Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтынды сыйлады
Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды