Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park орталығының корттарында жасөспірімдер арасында Батыс және Орталық Азия елдері бойынша «Ролан Гаррос» турниріне іріктеу жарысы өтуде.
Азия теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған бұл жарыста қазақстандық жас теннисшілер өз топтарында екі жеңіске қол жеткізді.
Атап айтқанда, Родион Трайгель, Аңсар Ниетқалиев, Мансұр Сайынов, Еркежан Жаңатаева, Каролина Лигай, Алисса Королева, Гауһар Ақтан және Әдия Омарбек жарыстың ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама иеленді.
Турнирдің финалистері 2025 жылдың қазан айында Жапонияда өтетін іріктеу жарысына қатысып, 2026 жылғы «Ролан Гаррос» турниріне берілетін жалғыз жолдама үшін бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мохамед Салах «Интерге» қарсы матчқа қатыспайды
08.12.2025, 18:00
Футболдан Әлем чемпионатының финалы АҚШ-тың «Метлайф» стадионында өтеді
08.12.2025, 15:36
Ландо Норрис алғаш рет «Формула-1» чемпионы атанды
08.12.2025, 12:00
Абылайхан Жүсіпов Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
08.12.2025, 10:30
Ертуған Зейнулинов Әлем чемпионатын сәтті бастады
08.12.2025, 01:10
Оразбек Асылқұлов келесі кезеңге шықты
07.12.2025, 22:50
Лионель Месси мансабындағы 48-ші трофейін жеңіп алды
07.12.2025, 14:30
Бокс: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға шықты
06.12.2025, 23:10