Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді

Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
🥋 Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері 2028-жылы өтетін Олимпиада ойындарына қатысатыны туралы instagram парақшасына жариялады.
«Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура 1 жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысының орны бөлек. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны әрдайым биік болып қала береді.
Қаншама маңдай тер мен еңбектің ақталған күні. Барлық марапатымның шыңы 🥇
Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арманға жету жолында біз көп нәрседен бас тарттық, көп нәрсені тәрк еттік, көп тәуекелге бардық. Дәл осындай қуанышты, дәл осылай арманды барлық спортшы бағындыруына тілектеспін!
Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым.
Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді». - деді чемпион.