Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Италияның Монтесильвано қаласында шахматтан кадеттер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Аланна Берікқызы мен Марк Смирнов жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтар болсақ, 10 жасқа дейінгі жас санатында Аланна Берікқызы әлем чемпионы атанды.
Ұлдар арасында (U12) Марк Смирнов ең көп ұпай жинап, бас жүлдеге қол жеткізді.
Тағы бір отандасымыз Ханзада Аманжол 12 жасқа дейінгі санатта қосымша көрсеткіш бойынша әлем чемпионатында екінші орынды иеленді.
Әлем чемпионатына 77 елден ойыншылар қатысты.
Жалпы командалық есепте Қазақстан командасы 1-орын алды. Қытай шахматшылары 2-ші сатыға тұрақтаса, үздік үштікті Үндістан түйіндеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30