Александр Шевченко спорттық мансабында алғаш рет «US Open» турнирінің екінші айналымында ойнайды
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко (#61) неміс теннисшісі Доминик Кёпфермен (#83) 2 сағат 56 минутқа созылған ойында 3:1 (6:4, 7:5, 5:7, 6:2) есебімен жеңіп, жарыстың екінші айналымына шықты. Шевченконың келесі қарсыласы АҚШ теннисшісі Фрэнсис Тиафо (#20).
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (#27) алғашқы айналымда қытайлық Шан Цзюньшеннен (#72) 2:3 (4:6, 6:3, 7:5, 3:6, 4:6) есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Бүгін әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина (#4) мен Юлия Путинцева (#32) және турнирге іріктеу кезеңі арқылы жолдама алған Тимофей Скатов «Үлкен Дулыға» турниріндегі алғашқы кездесулерін өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ибрагим Нұрмаханұлы пара дзюдодан Grand Prix турнирінің чемпионы атанды
12.05.2026, 18:09
15 жастағы шахматшы Сауат Нұрғалиев Қазақстан чемпионы атанды
12.05.2026, 17:10
Хулиан Альварес «ПСЖ-ға» ауысуы мүмкін
12.05.2026, 15:35
Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
12.05.2026, 14:30
Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
12.05.2026, 10:00
Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
11.05.2026, 23:00
Қазақстандық дзюдошылар Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде рекорд орнатты
11.05.2026, 21:31
«Барселона» Испания чемпионы атанды
11.05.2026, 11:00