Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Оның еншісінде кем дегенде қола медаль бар.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевпен кездескен болатын.
Тартысты өткен жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Нұрбек Оралбай Қазақстан құрамасынан жартылай финалға шыққан алғашқы боксшы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) жарысты аяқтаған болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30