Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (#4) Уимблдон турнирінің үшінші айналымында ойнайды. Германиялық Лаура Зигемундпен өткен тартысты ойын 2 сағат 14 минутқа созылып, Елена 6:3, 3:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Рыбакина 1/8 финалдың жолдамасын даниялық Каролин Возняцкиймен (әлемнің экс бірінші ракеткасы) сарапқа салады.
Жарыста сәтті өнер көрсетіп жатқан Юлия Путинцева чехиялық Катерина Смнякованы жеңіп, үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.
Естеріңізде болса Елена 2022 жылы финалда Онс Жаберді жеңіп, турнир жеңімпазы атанған еді. Былтырғы жылы қазақстандық теннисші 1/4 финалға дейін жеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияға есе жіберді
10.06.2026, 10:00
Әлем чемпионатының ашылу матчында кімдер алаңға шығады?
10.06.2026, 09:00
Нидерланд құрамасы Өзбекстаннан басым түсті
09.06.2026, 10:00
Ақмарал Ерекешева Испанияның клубтық чемпионатында екі мәрте қола жүлдегер атанды
08.06.2026, 17:55
Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтті
08.06.2026, 17:48
Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 17:00
Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлармен таныс болыңыздар
08.06.2026, 16:00
Португалия жолдастық кездесуде Чилиді жеңді
07.06.2026, 01:10