Марк Кавендиш Тур де Франс веложарысының бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды
«Astana Qazaqstan Team» велокомандасының шабандозы Марк Кавендиш Тур Де Франс көпкүндігінің бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Бесінші кезең барысында спортшлар Францияның Сен-Жан-де-Морьен - Сен-Вюльба аралығындағы 177 шақырымды жүріп өтіп, жеңімпаз 4 сағат 8 минут ішінде мәре сызығын кесіп өтті. Бұл Кавендиш үшін Тур Де Франс жарысында жеткен 35-жеңісі. Осылайша ол осыған дейін 34 жеңіске қол жеткізген бельгиялық Эдди Меркстің нәтижесін жаңартты.
Бес кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздың сары жейдесі «UAE Team Emirates» командасының мүшесі словениялық Тадей Почагардың еншісінде. Әлемдегі басты веложарыстың алтыншы кезеңінде велошабандоздар Макон - Дижон аралығын (163.5км) өтеді.
Биыл 111-рет ұйымдастырылып отырған Тур де Франс көпкүндігі 21-шілдеге дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55