Қазақстандық теннисшілер «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

24 маусым күні Лондонда теннистен 2024 жылғы «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» бәсекесі іріктеу кезеңінде төрт теннисшіміз бақ сынап жатыр және олардың бәрі екінші айналымға өтті. 

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді. Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Михаил іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзимен кездеседі.

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартиноны қапы қалдырды.

Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Евсеев камбэк жасай алды – 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7).

Рейтингіде 208-орында тұрған Бейбіт Жұқаев ерледі деуге болады. Ол әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7).

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-сатыдағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны екі сетте жеңді – 6:3, 6:3.

Осылайша, іріктеу сайыстарының жартылай финалында Евсеев әлемнің 133-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогетпен, Скатов рейтингіде 129-сатыдағы словакиялық Лукаш Клейнмен сынға түседі. Жұқаевтың қарсыласы кейін анықталады. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды