Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды
Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.
Дегенмен, Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).
Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.
Енді Путинцева Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия мен Египет тең тарқасты
16.06.2026, 09:00
Испания мен Кабо-Верде арасындағы матчта есеп ашылмады
16.06.2026, 08:00
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
16.06.2026, 00:00
Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады
15.06.2026, 16:00
Кукурелья «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
15.06.2026, 11:00
Геннадий Головкиннің есімі ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енді
15.06.2026, 10:15
Швеция Тунистен басым түсті
15.06.2026, 09:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
14.06.2026, 18:30