Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды

Бүгін Түркістанда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты басталды. Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған байрақты бәсекеге әлемнің 24 елінен 200-ден астам спортшы келді.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты «Olympic center» спорт кешенінде өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімінің аппарат басшысы Әлімқұлов ЕркеғалиАмантайұлы, Халықарылық саңыраулар спорт комитетінің өкілі Антонио Дамиен, Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Шакуова Сәуле және Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директорының м.а Ержан Естаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Осындай ауқымды шараны ұйымдастыруға бізге сенім артқан халықаралық спорттық қауымдастығына алғыс білдіреміз. Бұл елімізде сурдлимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін беріп, игі ықпал тигізері аңық. Қазіргі таңда елімізде кәсіби спортта 2200-ге жуық сурдо спортшы болса, оның ішінде 120-дан астамы дзюдо күресімен айналысады. Осы чемпионатты спортшыларымыз ел үмітін ақтап, биік мінберден көрінеріне сенімдімін», - деді Ержан Естаев.

Айта кетсек, дзюдо күресінен әлем чемпионаты 12-14 cәуір аралығында өтіп, Қазақстан құрамасы тарапынан 24 спортшы өнер көрсетеді.

Жарыстың алғашқы күнінде еліміздің спортшылары Шадияр Қуандық (73 кг), Алтынбек Кәкітаев (60 кг) алтын медаль, Әлдібек Нұрмұхаммед (66 кг), Дина Иржанова (57 кг), Болатов Ерсін (60 кг) күміс жүлде, ал Кара оглы Фериде (52 кг) қола медаль жеңіп алды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды