Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында XXI Азия чемпионаты және ересектер арасында 1-ші ашық Азия чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шараға Азия каратэ-до федерациясының вице-президенті Рашид Аль Али, Спортты дамыту дирекциясының директорының уақытша міндетін атқарушы Азамат Имашев, Қазақстан каратэ-до WKF федерациясы одағының вице-президенті Болат Хавлахат қатысты.

«Баршаңызды жарыстың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Азия чемпионатын ұйымдастырушыларға және шараға қолдау көрсеткен демеушілерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті спортшылар мен жаттықтырушылар! Сіздердің күш жігерлеріңіз, спорттық ынтаңыз бен жеңістеріңіз жас спортшыларға жарқын үлгі болуы тиіс. Жеңістен жеңіске жете берейік!», - деп Болат Хавлахат алғашқы болып сөз сөйлеп қатысушыларды құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аудару, сондай-ақ спортты халық арасында танымал ету, балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту бойынша нақты қадамдар жасау қажеттігін атап өтті. Бұл іс-шараның еліміз үшін маңызы зор. Біздің елімізде осындай маңызды ірі жарыстар өткізу халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Бұл өз кезегінде спорттың дамуына үлкен үлес қосады. Чемпионатқа қатысатын спортшыларға сәттілік тілеймін!», - деді өз сөзінде Азамат Имашев.

10 қарашаға дейін жалғасатын бәсекеге құрлықтағы 30-ға жуық елден 600 татами шебері жиналды. Бұл қатарда 39 қазақстандық бар.

Айта кетейік, дүбірлі дода кумитэ және ката бағдарламасында жасөспірімдер (14-17 жас), жастар (18-20 жас) және ересектер (18 жастан асқандар) арасында өтеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді
Бейбарыс Ерсеит ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейге есе жіберді
Бокстан Иорданиядағы U15/U17 Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы 16 алтын жеңіп алды
Бокстан (U15) Иорданиядағы Азия чемпионаты қорытындыланды
Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды