Ризабек Айтмұхан Әлем Чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Сербия астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда осы салмақтағы (92 кг) көшбасшының бірі грузиялық Мириани Майсураздені жеңді. Есеп: 8-1.

Бүгін 19 жастағы қазақ палуаны доданы 2-айналымнан бастады. Әуелі венгриялық Балаш Юхашты, сосын түркиялық Фейзулла Ақтүрікті таза ұтты. Ұлттық құрама спортшысы ертең кешке əзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен алтын медальді сарапқа салады.

«Ширек және жартылай финалдағы қарсыласым мықты болды. Қазір олар әлем рейтингінде менен жоғары тұр. Фейзулла Ақтүріктен осыған дейін 2 рет жеңілгенмін. Бүгін сәтін салып, есе қайтардым. Осы жекпе-жектен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Грузиялық палуанды барынша шаршатуға тырысып, дегеніме жеттім. Ертең финалда барымды салып, елімізге алтын медаль алып қайтуға барымды саламын»,-деді Ризабек.

Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған бозкілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ІІ орын алды.

Айта кетейік, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі күміс, қалғаны қола. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 кг, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы).

Айта кетейік, 92 кг дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды