Мағжан Шамшадин – дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының чемпионы
Қазақстандық Мағжан Шамшадин (-60 кг) Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік турнирінің чемпионы атанды.
Бұл спортшымыздың Grand Slam жарыстарындағы алғашқы алтын жүлдесі.
Финалда ол Франция өкілі Седрик Револмен кездесіп, жеңіске жетті
Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовты ұтты. Келесі белдесуінде Мағжан Бахром Ботуровты (Өзбекстан) иппон ұпайымен жеңді, жартылайфиналдық белдесуде Мерзод Суфиевтен (Тәжікстан) басым түсті.
66 келіге дейінгі салмақтың финалында Ғұсман Қырғызбаев бақ сынайтын болады.
Жарыс елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 16-18 маусым күндері өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35