Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Астанада 16-18 маусым күндері өтетін «Qazaqstan Barysy» Grand Slam жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды. Әлемдік және Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.

Назарларыңызға елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімін ұсынамыз:

Ерлер

-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан

-73 кг: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов

-81 кг: Айбол Нысанәлі, Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов

-90 кг: Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов, Құдырет Досымов, Аян Байғазы

-100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Садуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев

+100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мади Еділбаев

Әйелдер:

-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек

-52 кг: Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбетова

-57 кг: Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова

-63 кг: Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анастасия Морозова

-70 кг:Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева

-78 кг:Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко

+78 кг:Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова

Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін бұл жарысқа 45 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды.Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

Сонымен қатар, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды