VI ЖАЗҒЫ ҚАЗАҚСТАН СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

Тараз қаласында жазғы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының VI спартакиадасының ресми ашылуы өтті. Төрт жылда бір рет өтетін салтанатты іс-шараға 17 облыстан және Республикалық маңызы бар үш қаладан келген спортшылар қатысуда. Спартакиаданың басты мақсаты – өңірлердегі спорттың даму деңгейін анықтау. Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов, Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов қатысты.

Салтанатты шарада қатысушы командалар сап түзеп шықты. Жарыстардың әділ өтуіне РМҚК «Спортты дамыту дирекциясының» басшысы Оралбай Жақсымбетов ант берді. Спартакиаданың алауын бокстан Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов тұтатты.

«Спартакиада қорытындысы аймақтардағы спорттың деңгейін анықтап қана қоймай, спортшыларымыздың алдағы байрақты бәсекелерге дайындығы пысықталады . Биылғы жыл біз үшін маңызды Азия ойындары күтіп тұр. Сол сында осы спартакиада чемпиондары ел намысын абыроймен қорғайды деген ойдамыз. Ең бастысы Париж-2024 Олимпиада ойындарында қазақ елінің көк туы көкке көтерілсін дейміз» - деп Асхат Оралов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спартакиада бағдарламасындағы жарыстар осы жылдың ақпан айында басталды. Ең мықтылары спорттың 27 түрінен сынға түсіп, анықталады. Былғары қолғап шеберінің өкілдері өздерінің соңғы амбицияларын 2023 жылдың қарашасында көрсетеді.

«Құрметті жарысқа қатысушылар! Қадірменді қонақтар мен спорт сүйер қауым! Бүгін екі ғасырдан астам шежіресі бар, Ұлы Жібек жолын бойлай орналасқан ежелгі Таразжерінде, киелі Әулиеата елінде Қазақстан Республикасының 6-шы Жазғы Спартакиадасының салтанатты ашылуына қош келдіңіздер! Елімізге дені сау, спортты жанына серік еткен, ел ертеңі – жалынды жастар қажет. Бүгінгі спорттық шараға қатысушы барлық спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тілеймін», - деді Нұржан Нұржігітов.

Бұл өңірде осы аралықта 3 спорт түрінен жарыс өтпек. Олар: волейбол (25 мамыр мен 4 маусым), дзюдо (30 мамыр мен 3 маусым), су добы (29 мамыр мен 4 маусым).

Спартакиада аясында бүгінге дейін 12 спорттан үздіктер анықталды. Олар: грек-рим, еркін және әйелдер күресі, үстел теннисі, велотрек, семсерлесу, спорттық гимнастика, қол добы (әйелдер), батуттағы гимнастика, бокс (әйелдер), көркем гимнастика, баскетбол (ерлер).

Қазір барлық 20 өңірдің ішінде Алматы облысы көш бастап келе жатса, одан кейінгі сатыда Шымкент пен Астана спортшылары тұр.

VI жазғы Спартакиаданың бас төрешісі – Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев. Ал бас хатшысы – СДД спорт жарыстарын өткізу бөлімінің маманы Асқар Қадыров.

Анықтама:

Атлеттер додасы мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңның 10 жылдығына арналып, алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырылған. Ал ресми ашылуы 24 маусымда бірқатар орталық мекеменің қатысуымен астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда болған. Алдыңғы, V Спартакиадаға дейін бағдарламаға олимпиадалық емес бірқатар спорт түрлері де кірген. Биылдан бастап басымдық тек Олимпиада бағдарламасындағы спорт түрлеріне беріле бастады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі