Грек-рим күресінен Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Күрес түрлерінен Астана қаласындағы Азия Чемпионатын грек-рим күресінің шеберлері бастап, барлық 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының боз кілемінде анықталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына 1 күміс және 2 қола жүлде түсті. 

87 келіде белдескен Нұрсұлтан Тұрсынов ақтық сында ирандық Насер Ализадеге есе 0:8 есебімен есе жіберіп, құрлықтық доданың күміс жүлдесін еншіледі.

Бұл Нұрсұлтан үшін Азия Чемпионатындағы екінші күміс жүлде. Естеріңізде болса, 2015 жылғы Дохада өткен Азия Чемпионатында күміс жүлде алған еді.  

Қола жүлдені 63 келі салмақта Мұхамедәлі Мамырбек пен 130 келіде Әлімхан Сыздықов еншіледі. Мұхамедәлі жапон балуаны Чейзо Маруяманы 9:0 есебімен жеңсе, Әлімхан оңтүстік кореялық Ким Мин Сокты 5:3 есебімен жеңді.

Екінші жарыс күнінде жарыс жолына шыққан бес спортшымыз да жүлдегер атанды. Алдымен 72 келі салмақта Ибрагим Магомадов чемпион атанса, 82 келіде белдескен Диас Қален күміс жүлдегер, Ернұр Фидахметов (60 келі), Алмат Кебіспаев (67 келі) және Олжас Сырлыбай (97 келі) Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды