Басты Жаңалықтар «Барыс» хоккей клубы кезекті ҚХЛ маусымын аяқтады

«Барыс» хоккей клубы кезекті ҚХЛ маусымын аяқтады

«Барыс» хоккей клубы кезекті ҚХЛ маусымын аяқтады

Елордалық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы он бесінші маусымын аяқтады. Андрей Скабелка шәкірттері соңғы ойынын «Локомотивке» қарсы өктізіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Андрей Скабелка шәкірттер ҚХЛ-ның маусымын 61 ұпаймен Шығыс Конференциясының 11-орнында аяқтады. Осылайша, елордалық команда өз тарихында үшінші рет плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Естеріңізде болса алғаш рет «Барыс» 2015/16 жылғы маусымда Шығыс Конферециясын тоғызыншы орынмен аяқтаған болатын. Екінші мәрте 2017-18 жылы тұрақты маусымды 10-орында аяқтады.

Елордалық команданың Гагарин Кубогындағы 2013/14 және 2018/19 жылдардағы маусымда тіркелді. Ол уақытта команда Шығыс Конференциясының жартылай финалына дейін жеткен.

2014 жылы алғашқы айналымда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасын 4:0 есебімен жеңсе, келесі кезеңде «Салават Юлаевтан» өте алмады. Екі команда арасындағы серия 4:2 есебімен Уфа қаласының клубының пайдасына аяқталған.

2019 жылы алғашқы айналымда  «Торпедо» командасын жетінші ойында жеңіп, (серия 4:3) екінші айналымда Омбы қаласының «Авангард» хоккей клубына 4:1 есебімен жеңілген.

Бөлісу