Балуандар Мысырдағы беделді турнирді сәтті бастады

Мысырдың Александрия қаласында күрестен Олимпиада чемпионы Ибраһим Мұстафа атындағы рейтингтік турнир басталып, алғашқы жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

Алдымен 55 келіге дейінгі салмақта Ұлттық құраманың үш балуаны тұғыр биігіне көтерілді.

Ұлттық құрама көшбасшысы Аманғали Бекболатов пен Спартакиада ойындарының жеңімпазы Марлан Мұқашев финалда белдесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 55 келі салмақ дәрежесінде VI Спартакиада ойындарының күміс жүлдегері Исхар Құрбаев еншіледі. Қазақстандық балуан үшінші орын үшін белдесуде Астана қаласында 2019 жылы өткен Әлем Чемпионатының жеңімпазы Нугзари Цурцумияны 7:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық белдесуге дейін жеткен Марлан алғашқы айналымда грузин балуанын 13:4 есебімен жеңген.

Финалға дейін барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген Ернар Фидахметов (60 келі) ақтық белдесуде түрік балуаны Керем Камалға жеңіліп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Ал 63 кг дейінгі салмақта қос қазақстандық балуан – Дастан Зарлыханов пен Мұхаммедәлі Мамырбек қола үшін күресіп, белдесу 14:4 Дастан Зарылхановтың пайдасына аяқталды. 

67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық Мерей Бекенов ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салды. Ақтық белдесуде Мерей Джони Хецурианиді (Грузия) жеңді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық соңғы әрекетті жасау арқылы жеңіске жетті.

Аса ауыр салмақта (130 келі) Азия Чемпионы Әлімхан Сыздықов ел намысын қорғап, қоа жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын белдесуде қырғыз балуаны Роман Кимді 5:1 есебімен жеңді. 

Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және үш қола жүлде еншіледі.  Грек-римкүресінен қалған үш салмақтағы (72, 77, 82 келі) жүлдегерлер жарыстың екінші күні анықталады. Сонымен қатар әйелдер күресі бойынша 57, 62, 68, 76 келі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды