Жеңіл атлетикадан Азия Чемпионаты. Екінші жарыс күнінің қорытындысы

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатының екінші күні Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жүгіруден қола жүлде жеңді. Оның көрсеткіші 4:21.31. І орынды вьетнамдық Нгуен Тхи Оан 4:15.55 нәтижесімен, ІІ орынды жапондық Юме Гото 4:19.29 нәтижесімен жеңіп алды.

Ерлер арасында үш қарғып секіруден Қытайлық Фан Яо Кинг 17.20 метр нәтижесімен топ жарды. Үндістандық Правин Чизравел 16.98 нәтижесімен ІІ орын, кореялық Ю Гюмин 16.73 метр нәтижесімен ІІІ орын алды.

Ерлер арасында 400м жүгіруден отандасымыз Михаил Литвин 46.39 секунд нәтижесімен мәре сызығын екінші болып кесті. Ол Катар спортшысы Амар Исмаил Ибраһимге (46.25 секунд) бірнеше миллисекундка есе жіберді. Үздік үштікті қытайлық Фан Тианруи (47.30 секунд) қорытындылады.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруден отандасымыз Элина Михина 54.07 нәтижесімен қарсыластырынан оқ бойы озық шығып Азия Чемпионатының алтын медалін иеленді. Екінші орын вьетнамдық спортшы Ти Уен (54.67 секунд), үшінші орын индонезиялық Шри Мая (54.88) иеленді.

Ерлер арасында 60 метрге жүгіруден 6.59 секунд нәтижесімен Бангладеш спортшысы алтын медаль жеңді. Екінші орынды 6.65 секунд нәтижесімен Шак Кам Чинг (Гонконг), үшінші орынды 6.66 секунд нәтижесімен Риота Сузуки (Жапония) жеңді.

Әйелдер арасында сырықпен секіруден жапониялық спортшы Маю Насу 4 метр биіктікті еңсеріп Чемпион атанды. Ал үндістандық спортшы мүмкіндік санынан ғана есе жіберіп 4 метр көрсеткішпен екінші орынға тұрақтады. Үшінші орынды Рози Мина Паулраж (Үндістан) 3.90 нәтижесімен жеңді.

Жеңіл атлетикадан жабық жайдағы X Азия Чемпионатының жабылу салтанаты ертең, 12-ақпан күні «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Чемпионат Qazsport телеарнасында және qazathletics ютуб арнасында тікелей эфирде жүреді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы