FIBA Asia Қазақстанда өкілдік ашу мәселесін қарастырып жатыр

 Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Азиядағы ФИБА атқарушы директоры Хагоп Хаджирианмен кездесуі кезінде белгілі болды Тараптар Қазақстанда баскетболды дамыту үшін бірлескен ынтымақтастық келешегін талқылады.

Бүгінде елімізде 25 кәсіби клуб жұмыс істейді, олар мемлекет тарпынан және жекелеген демеушілерден қолдау көріп отыр. Қазіргі таңда баскетболмен айналысатын қазақстандықтардың саны 400 мың адамды құрайды.

Хагоп Хаджирианның айтуынша, Қазақстан осы спорт түрін одан әрі дамыту да Орталық Азия елдері арасында үлкен әлеуетке ие.

«Қазақстанда жақсы дамыған баскетбол ортасы бар, егер бірлескен күш-жігермен оны жақсартса, жақын арада нәтижелер одан да жоғары болады. Біз үшін Қазақстанмен ынтымақтастық пен өзара іс - қимыл маңызды, өйткені біз мемлекет тарапынан да мүдделілік пен баскетболды танымал етудегі тың серпінді көріп отырмыз», - деді Азиядағы ФИБА атқарушы директоры Хагоп Хаджириан.

«Баскетболды қолдау жалғасады. Федерациямен анағұрлым белсенді ынтымақтастық отандық баскетболды жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», - деп атап өтті министр Асхат Оралов.

Айта кетейік, ФИБА әлемнің түкпір-түкпірінен 212 Ұлттық баскетбол федерациясын біріктіреді. Федерацияның қолдауымен түрлі жарыстар, соның ішінде Әлем Кубогы және баскетболдан Олимпиадалық турнирлер өтеді.

Сонымен қатар, ФИБА баскетболдың ресми ережелерін, сондай-ақ баскетбол қауымдастығының әртүрлі мүшелері арасындағы қатынастарды реттейтін ережелерді әзірлейді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты
Испания Францияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалына шықты
Футболдан Қазақстан командасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына есе жіберді