Басты Жаңалықтар Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы

12-22 қаңтар аралығында Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында XXX Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Байрақты бәсекенің хоккей турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетеді. Бұл топта: Ұлыбритания, Венгрия, Оңтүстік Корея, Словакия және алаң қожайындары АҚШ құрамасы ойнайды.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

12 қаңтар. Оңтүстік Корея - Қазақстан

13 қаңтар. Қазақстан - Венгрия

15 қаңтар. Қазақстан - Ұлыбритания

18 қаңтар. АҚШ - Қазақстан

*** Жергілікті уақыт бойынша (Лэйк-Плэсид, АҚШ)

Топтық кезеңдегі барлық ойынды ұлттық құрама Подсдам қалашығындағы Cheel Arena спорт кешенінде өткізеді.

Ұлттық құрама жігіттері 8 қаңтар күні ойыншылар алғашқы дайындықты өткізген соң келесі күні АҚШ жеріне аттанады. Турнирдегі алғашқы ойынын Ғалым Мамбеталиев шәкірттері 13 қаңтар күні Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. Универсида ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Роман Калмыков, Андрей Шутов (екеуі де - «Номад»), Денис Каратаев («Сарыарқа»)

Қорғаушылар: Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артем Королев, Кирилл Никитин, Абылайхан Сулейменов (барлығы – «Номад»), Иван Гавриленко («Сарыарқа»), Кирилл Полохов («Арлан»)

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Али Касенов, Всеволод Логвин, Абай Мангисбаев, Батырлан Муратов, Максим Мухаметов, Алдияр Нурлан, Алихан Омирбеков (барлығы – «Номад»), Саян Данияр, Руслан Демин («Сарыарқа»), Максим Мусоров («Химик», ЖХЛ)

Бас бапкер: Ғалым Мамбеталиев


Бөлісу