Басты Жаңалықтар Испания мен Германия тең тарқасты

Испания мен Германия тең тарқасты

Испания мен Германия тең тарқасты

Қатар жерінде фктболдан Әлем Чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі ойын күнінде Е тобындағы басты кездесу Испания және Германия құрамасының арасында өткен болатын. Ханс Флик шәкірттері үшін бұл ойын өте маңызды еді. Жеңіліс тапқан жағджайда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі азайатын еді. Дегенмен ойын 1:1 есебімен аяқталып, Германияның 1/8 финалға шығу мүмкіндігі әлі бар. Ойынның 63-ші минутында Альваро Мората соққан голға 83-ші минутта алаңға тыңнан қосылған Никлас Фюлькруг жауап берді.

Е тобындағы екінші ойында Коста-Рика құрамасы Жапонияны минималды есеппен тізе бүктіріп, топтағы жағдай шиеленісіп кетті.

Бүгінгі ойын күнінің нәтижелері:

Жапония - Коста-Рика 0:1

81 мин. Кейша Фуллер (0:1)

Бельгия - Марокко 0:2 

73 мин. Ромен Сесс (0:1)

90+2 мин. Закария Абухляль (0:2)

Хорватия - Канада 4:1

2 мин. Альфонсо Дэвис (0:1)

36 мин. Андрей Крамарич (1:1)

44 мин. Марко Ливайя (2:1)

70 мин. Андрей Крамарич (3:1)

90+4. Ловро Майер (4:1)

2 тур барысында екі команда Әлем Чемпионатындағы жорығын аяқтаса, (Канада, Қатар) бір команда мерзімінен бұрын 1/8 финалға шығып қойды. Ол D тобында Данияны 2:1 есебімен жеңген Франция құрамасы.

Ертеңгі ойын күніне 2 турдың соңғы матчтары жоспарланған. G және Н тобындағы командалар өзара кездесіп мықтыны анықтайды.

G тобы:

15:50. Камерун - Сербия

21:50. Бразилия - Швейцария

Н тобы:

18:50. Оңтүстік Корея - Гана

00:50. Португалия - Уругвай

Бөлісу