Басты Жаңалықтар «Qazport» телеарнасы Қазақстан мен Украина арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді

«Qazport» телеарнасы Қазақстан мен Украина арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді

«Qazport» телеарнасы Қазақстан мен Украина арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді

«Qazport» телеарнасы Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан-Украина кездесуімен бүгін 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің төртінші тур матчтары басталады.

Украина 3 ойыннан кейін 3 ұпай жинап, D тобында екінші орында келеді. Қонақта Франциямен және өз алаңында Финляндия, Қазақстан командаларымен тең түскен болатын және барлық ойындарда 1:1 есебі тіркелген. Қазақстан өз алаңында 0:2 есебімен Франциядан жеңілгеннен кейін, қонақта 1:1 есебімен Украинамен ұпай бөлісіп, өз тобында соңғы орында тұр.

Қазақстан-Украина матчы бүгін «Астана-Арена» стадионында өтеді. «Qazport» телеарнасындағы тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 19:50-де басталады.

«Qazport» телеарнасы ойын алдында және матчтан кейін тікелей эфирде студиялық бағдарлама ұсынады. Онда футбол мамандары көрермендермен кездесуге қатысты өз пікірлерімен бөліседі.

Бөлісу