Басты Жаңалықтар "Барселона"-"Вильярреал" ойынын "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

"Барселона"-"Вильярреал" ойынын "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

"Барселона"-"Вильярреал" ойынын "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Испан додасының 6-турында "Барселона" өз алаңында "Вильярреалды" қабылдайды. Ойын елорда уақыты бойынша сағат 00:50-де басталады. 


Вальверде шәкірттерінің жағдайы мәз емес. Каталондықтар соңғы 5 турда небары 2 ойында жеңіске жетті. 1 мәрте тең түсіп, 2 матчта қарсыластарына есе жіберді. 

"Вильярреал" маусымды ойдағыдай бастаған жоқ. "Гранадаға" қарсы ойында Хави Кальехо командасының қорғанысы сыр берді. Есеп 4:4 болды. 

Десек те, "Барселона" үйдегі матчтарында жақсы ойнайды. 9 ойын қатарынан "Камп Ноуда" жеңілген жоқ. Тартысқа толы қызықты матчты "QAZSPORT" арнасымен бірге тамашалаңыз!

Бөлісу