«Қайрат» және «Пахтакор» клубтарының ардагерлері Алматыда жолдастық кездесу өткізеді

7 қыркүйекте «Қайрат» футбол клубының 65-жылдығына орай «Қайрат» және «Пахтакор» клубтары ардагерлерінің қатысуымен қайырымдылық матчы өтеді. Бұл күні оңтүстік астанадағы «Орталық» алаңға «Орта Азия дербиі» қайта оралады. Ойыннан жиналған қаражат түгелімен «Kairat Blind Football Team» жобасына жолданады.


QAZSPORT телеарнасы Алматыдағы футбол мерекесін көрермен назарына ұсынады. Ардагерлердің қатысуымен өтетін кездесуді 7 қыркүйек күні сағат 20:40-тан бастап көре аласыздар. Сондай-ақ, тарихи матчты аты аңызға айналған спорт комментаторы, футболшы, қазақ журналистикасында өз қолтаңбасы бар Диас Омаров тізгіндейді. Өткен ғасырда «Қайрат» футбол клубының матчтарын жүргізген тұлға эфиге қайта оралады. Сонымен қатар белгілі қаламгер, ерекше стилімен «көрермен көзайымына» айналған спорт журналисі Есей Жеңісұлы ардагер комментатормен жұп құрады. 


Осы күні Құралбек Ордабаев, Вахид Масудов, Мураджон Әлиев, Шухрат Рахмонкулов сынды ардагерлер жасыл алаңға қайта оралады.  

Кеңес дәуірінде қос клубтың ойыны «Орта Азия дербиі» деген сипатқа ие болды. Араға жылдар салып қос ұжымның ойыншылары жасыл алаңда қайта қауышады. Тартысқа толы қайырымдылық матчын QAZSPORT арнасымен бірге тамашалаңыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы