Үш чемпиондық жекпе-жек. M-1 Challenge 102 турнирі QAZSPORT арнасының тікелей эфирінде

28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында аралас жекпе-жектен «M-1 Challengе 102» халықаралық турнирі өтеді. Бұл кеште 3 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталады. Оның екеуінде қазақстандық спортшылар бақ сынайды.

Жеңіл салмақта қазақстандық Сергей Морозов жеңілмеген ресейлік спортшы Александр Осетровпен күш сынасады. Отандасымыз осыған дейін Мовсар Евлоевпен дәл осы белбеу үшін айқасқа түсіп, жеңіліске ұшырған еді. Кейін қатарынан 3 кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атақ үшін таласуға тағы да мүмкіндік алды. Сергей Морозов осыған дейін 17 кездесу өткізіп, 14 рет қарсыластарынан басым түсті.

Шавкат Рахмонов осы жылы Алматы қаласында өткен жартылай орта салмақта  «M-1 Challengе 101» турнирінде чемпион атанды. Белбеуін қорғау үшін «Барыс-Аренада» өтетін жекпе-жек кешінде бразилиялық Тиаго Варежаомен жұдырықтасады. 

«M-1 Challengе 102» турнирінің барлық кездесулері:

Махир Алиев (Қазақстан, 1-0) — Тахир Абдуллаев (Әзірбайжан, 8-1)

Исмаил Героев (Қазақстан, 2-1) — Алексей Сотников (Украина, 6-5)

Сабит Жусупов (Қазақстан, 6-2) — Аридан Ромеро (Испания, 8-1)

Руслан Шамилов (Ресей, 4-1) — Владимир Трусов (Ресей, 3-1)

Гойти Дазаев (Қазақстан, 8-1-1) — Александр Бутенко (Россия, 47-14-3)

Йоисланди Искьердо (Куба, 12-5) — Алексей Ильенко (Ресей, 8-1)

Исатай Теміров (Қазақстан, 5-1) — Спенсер Джебб (Канада, 13-6)

Марсио Кабрал (Бразилия, 10-1) — Сергей Романов (Ресей, 15-3)

Роберт Лау (Германия, 9-2) — Дмитрий Микуца (Украина, 9-4-1)

Рубенилтон Перейра (Бразилия, 20-6) — Раул Тутараули (Грузия, 24-5)

Виктор Колесник (Ресей, 14-3-1) — Нэйт Ландвер (АҚШ, 11-2)

Сергей Морозов (Қазақстан, 14-4) — Александр Осетров (Ресей, 5-0-1)

Шавкат Рахмонов (Қазақстан, 11-0) — Тьяго Варежао Ласерда (Бразилия, 27-5-1).


«M-1 Challengе 102» турнирі 28 маусым 16:00-ден бастап QAZSPORT арнасының тікелей эфирінде

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды