Шпагадан Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатының қола жүлдегері
Токиода семсерлесуден Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде шпагадан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Жартылай финалда Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан командасы Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен болатын.
Тартысты өткен матч «алтын ұпайға» дейін созылып, қазақстандықтан 43:44 есебімен қарсыласқа есе жіберді.
Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан құрамасы құрлық додасының қола жүлдесін иеленді.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы Азия біріншілігінен екі қола медаль жеңіп алған болатын. Руслан Курбанов шпагадан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікке енсе, саблядан Қазақстан қыздар командасы турнирдің қола жүлдегері атанды.
ҚР ҰОК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады
16.04.2026, 15:00
Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
16.04.2026, 12:55
Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
16.04.2026, 12:10
Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жылы Қытайда өтеді
16.04.2026, 11:50
«Бавария» жартылай финалға шықты
16.04.2026, 10:00
«Арсенал» жартылай финалға шықты
16.04.2026, 09:00
Ламин Ямаль кешегі жеңілістен соң өз пікірімен бөлісті
15.04.2026, 18:00
«Арсенал» – «Спортинг»: Тікелей эфир!
15.04.2026, 17:07