Нұр-Сұлтан қаласында Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының спорттық конференциясы өтеді

2019 жылдың 13 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінде 14-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясына арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

ABU-ның 64-ші спорттық конференциясының ұйымдастырушысы "Қазақстан" телерадиокорпорациясы.  

Брифингте ABU Бас хатшысы Джавад Моттаги мен "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин сөз сөйледі.  

Кездесу барысында күнделікті жаңалықтармен алмасу, бағдарламаларды бірлесіп өндіру, техникалық және бағдарламалық қызметтерді көрсету бойынша жоспарлар айтылды.

Қазақстан астанасында өтетін ABU-ның 64-ші спорттық конференциясына қатысуға: Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция, Қытай, Таиланд, Гонконг, Австралия, Өзбекстан, Үндістан, Жапония және т. б. 20 елден түрлі телерадиокомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері келді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында Ашхабад қаласында өткен ABU Бас Ассамблеясы аясында ABU мен "Qazsport" спорт телеарнасы арасында "Астана қаласында ABU бірлескен спорттық конференциясын өткізу туралы меморандумға" қол қойылған болатын.  

Халықаралық спорттық конференция аясында делегаттар каратэден "Қазақстан Open" ірі халықаралық турниріне қатысады. Айта кетейік, каратэ жаңа спорт түрі ретінде бекітіліп, 2020 жылы Токио Олимпиадасында көрсетілген спорт түрлерінің тізіміне енген болатын. Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері Федерациясы елімізге келген қонақтарға Ұлттық спорт түрлерінен арнайы көрсетілім ұйымдастырмақ. "Qazsport" телеарнасы болашақта Ұлттық спорт түрлерін Азия елдерінде көрсетуді жоспарлап отыр.

Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы (ABU) әлемдегі ең ірі хабар тарату одағының бірі. Қазіргі уақытта одақтың құрамына 76 елден 272 мүше кіреді. ABU-ға қарасты мүше компаниялар арқылы шамамен 3 миллиард адамға хабар таратылады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды