Шавкат Рахмонов M-1 Challenge чемпионы атанды

Қазақстандық аралас жекпе-жектің шебері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта M-1 Challenge чемпионы атанды.

Титулдық жекпе-жек Алматыда M-1 Challenge 101 халықаралық турнирі аясында қазақстандық файтер кештің басты кездесуінде ресейлік Данил Приказамен жұдырықтасты. Жекп-жектің екінші раундында отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық 11 айқаста 11-ші жеңіске жетті.

M-1 Challenge 101 турнирі аясында тағы төрт қазақстандық өнер көрсетті. Абылайхан Қадыржан (жеңіл салмақ) 52 секундта грузин файтері Бено Адамияны тізе бүктірсе, Асу Алмабаев (аса жеңіл салмақ) француздық Пьер Людені екінші раундта қылғындыру әдісі арқылы жеңді. Азамат Бақытов (жеңіл салмақ) төрешілер шешімімен ресейлік Борис Медведевті басым түсті. Турнирдің негізгі кардында Арман Әшімов бразилиялық Кайка Аленкарды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды
Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен тең түсті
Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Нариман Курбанов әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында топ жарды
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
«Qazsport» телеарнасының YouTube арнасындағы жазылушылар саны 1 миллионға жетті
Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды
Михаил Шайдоровқа пәтердің кілті мен ақшалай сыйлық табысталды
«Арлан» қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль жеңіп алды