Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды
Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.
Дегенмен, Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).
Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.
Енді Путинцева Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар Лигасы финал: Тікелей эфир!
30.05.2026, 13:30
Юто Нагатомо Әлем чемпионатына шақырту алғанда көз жасына ерік берді
28.05.2026, 11:15
Елена Рыбакина Roland Garros турнирінде жарыс жолынан шықты
28.05.2026, 10:35
«Кристал Пэлас» Конференция Лигасының Чемпионы
28.05.2026, 09:00
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төрт медаль жеңіп алды
26.05.2026, 11:35
Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
25.05.2026, 16:00
Мохамед Салах «Ливерпульмен» қоштасты
25.05.2026, 13:05
Шұғыла Өмірбек Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
25.05.2026, 10:55