Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 

Бұл өз кезегінде қазақстандық спортшының дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған. Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ палуаны.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагидың (Сербия) жауырынын жерге тигізіп, сосын, ресейлік Ксения Бураковадан айласын асырды (7-1). Алайда жартылай финалда Даваанасан Энх Амарынға жол берді.

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Қазақстандық палуан чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта бақ сынап, тәжірибелі Эльмира Сыздықованың орнын жоқтатпауға тырысады.

Жалпы Сербия астанасындағы палуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы кім мықтыны анықтап жатыр.

Бүгін жарыс жолына грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы еркін және әйелдер күресінен бір алтын, екі қола жүлде еншіледі.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қош айтысты
Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады