Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

Легия – Ақтөбе | Футбол | Еуропа Лигасы | Іріктеу кезеңі | Шолу | Обзор
Торпедо Кутаиси - Ордабасы | Конференция Лигасы | Іріктеу кезеңі | Шолу | Обзор
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы | 08.07.2025
Үзілмеген үміт | Деректі фильм
Шолу І Обзор І Жетісу - Астана І ҚПЛ І XV тур
Шолу І Обзор І Оқжетпес - Қайсар І ҚПЛ І XV тур
Қазақстан Премьер-Лигасы І 15 тур ойындарына шолу
World Boxing Cup | Айбек Оралбай | Марапаттау рәсімі
Айбек Оралбай – Никита Путилов І Бокс І World boxing cup І 90+ келі І Финал
World Boxing Cup | Сабыржан Аққалықов | Марапаттау рәсімі
Сабыржан Аққалықов – Рами Кива І Бокс І World boxing cup І 75 келі І Финал
Елдана Тәліпова – Нупур Нупур І Бокс І World boxing cup І +80 келі І Финал
Надежда Рябец - Суннива Хуфстад І Бокс І World boxing cup І 75 келі І Финал
Алуа Балқыбекова – Пихла Кайво-Ожа І Бокс І World boxing cup І 51 келі І Финал
World Boxing Cup | Санжар Тәшкенбай | Марапаттау рәсімі
World Boxing Cup | Наталья Богданова | Марапаттау рәсімі
Санжар Тәшкенбай – Джей Бриан Барикуатро І Бокс І World boxing cup І 50 келі І Финал
Наталья Богданова – Лекейша Перголиа І Бокс І World boxing cup І 70 келі І Финал
World Boxing Cup | Виктория Графеева | Марапаттау рәсімі
World Boxing Cup | Бекзад Нұрдәулетов | Марапаттау рәсімі