Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді

Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында Әлем кубогы өтіп жатыр. Бұл турнирге Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатыр.
Отандасымыз (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетті.
Әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды.
2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинаға жол берген болатын.