Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.
Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты- 324 (152+172) келі.