Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді

Алматы облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцу бойынша 2025 жылғы әлем кубогында тамаша жеңіске жетіп, 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірден үш нұсқа бойынша – Close contact, Full contact, Grand – әлем чемпионы атағын жеңіп алды.