Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Хитер Уотсонды 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, WTA 500 санатындағы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 86-сатыдағы германиялық Татьяна Мариямен таласады.