Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды

Футболшы ағылшын клубына италиялық «Миланнан» ауысты.
Тараптар 2030 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
Трансфердің сомасы бонустарды қосқанда 70 миллион еуроны құрады.
Бұған дейін «қалалықтар» командасына қақпашы Маркус Беттинелли, қорғаушы Райан Айт-Нури және шабуылшы Райан Шерки қосылған болатын.