Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрама сапындағы үшінші ірі турнирде топ жарды. Ұлттар лигасының финалында Роналду бастаған жігіттер Испанияны пенальти сериясында (негізгі уақыт — 2:2, пенальти — 5:3) жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Роналду сол ойында бір голмен көзге түсті.

Бұл турнирде Португалия құрамасы Роналдудың қатысуымен екінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін команда 2019 жылы Ұлттар лигасының алғашқы маусымында, өз алаңында өткен финалда Нидерландыны 1:0 есебімен ұтып, чемпион атанған еді.

Ал, 2016 жылы Криштиану Роналду Еуропа чемпионатында Португалия құрамасымен бірге тарихи жеңіске қол жеткізген.

Сонымен қатар, бұған дейін 40 жастағы Роналду Ұлттар лигасы тарихындағы финалға шыққан ең егде жастағы ойыншы атанған еді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды