Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты

Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) ұйымдастырған Olympism365: Sport for a Better World атты алғашқы саммит өтті.
Ресми шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты. Айта кетейік, Қазақстан ҰОК басшысы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің Olympism365 комиссиясының мүшесі.
Саммитке Олимпиадалық қозғалыс мүшелері мен БҰҰ агенттіктерінен бастап халықаралық гуманитарлық және қаржылық құрылымдар, мемлекеттік органдар, спорт қауымдастығы мен әлеуметтік бағыттағы бизнес сияқты 100-ден астам ұйымның өкілдері қатысты. Іс-шараны ХОК президенті Томас Бах ашты.