Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Жас спортшы Афина қаласында өткен Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әділбек Мусин жарыстың бірінші күні 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден күміс жүлдеге ие болған еді.
Халықаралық жарыста 8 елден 680-ге жуық спортшы бақ сынауда.