Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Германияда өтіп жатқан футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жетіп, плей-оффқа шыққан барлық командалар анықталды. Топтық кезеңнің соңғы жарыс күнінде Е және F топтарында матчтар өтті. 

Словакия мен Румыния командалары кездесуінде құрамалар тең тарқасты. Словакия есепті ашқанымен, бірінші таймда Румыния пенальти соққысын орындап, таразы басын теңестірді. Таблодағы осы көрсеткіш ойын соңына дейін өзгеріссіз қалды. 

Осы ойынмен қатар Украина мен Бельгия арасында да матч өтіп, кездесуде есеп ашылған жоқ - 0:0. Осылайша, Е тобынан 1/8 финалға Румыния, Словакия мен Бельгия құрамалары шықты. 

F тобындағы топтық кезеңнің шешуші ойынында Чехия мен Түркия, Грузия мен Португалия құрамалары кездесті. Чехия мен Түркия командалары арасындағы ойында есепті Хакан Чалханоглу ашты, ал Чехия сапынан Томаш Соучек таразы басын теңестіре білді. Десе де, ойынның соңғы минутында Түркия тағы бір гол соғып, топтан екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. 

Тағы бір ойында Грузия мен Португалия құрамалары кездесіп, есеп кездесудің екінші минутында-ақ ашылды. Гол авторы - Хвича Кварацхелия. Екінші таймда Жорж Микаутадзе пенальти соққысын орындауда мүлт кетпей, есепті еселеді. Осылайдша, Грузия тарихта алғаш рет Еуропа чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі