Польша топтық кезеңнен әрі аса алмады: Еуропа чемпионаты сегізінші жарыс күнінің қорытындысы

Германиядағы футболдан Еуропа чемпионатының сегізінші жарыс күні де мәресіне жетті. 

Ойын күні Словакия - Украина матчымен басталып, есепті словакиялық футболшылар ашты. Гол авторы - Иван Шранц. Екінші таймда Украина алдымен Николай Шапаренконың көмегімен таразы басын теңестірсе, ойынның 80-минутында Роман Яремчук өз командасын есепте алға шығарды. Үш ұпай Украина құрамасының қоржынында. 

Жанкүйерлер көз тіккен келесі Польша мен Аустрия командалары арасында өтті. Жасыл алаңға екі құрама да бірдей жағдайда шықты десе болады. Өйткені, бірінші турда Польша Нидерланд құрамасына есе жіберсе, Австрия Франциядан жеңілген. Есепті 9-минутта австриялық Гернот Траунер ашты. Кшештоф Пёнтек кездесудің 30-минутында таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ал екінші таймда Австрияя 12 минут ішінде Польша қақпасына екі гол соқты. Кристоф Баумгартнер көз командасын алға шығарды. Артынша Войцех Щенсны қорғаған қақпаға пенальти тағайындалып, Марко Арнаутович оны жүзеге асырды. Австрия жеңісі, Польша топтық кезеңнен әрі аса алмады. Өйткені, ойын күніндегі келесі матчтың нәтижесі тікелей ықпал етті. 

Нидерланд пен Франция. Польша құрамасының плей-оффқа таласын жалғастыруы үшін Нидерланд құрамасының жеңіске жетуі маңызды еді. Алайда екі құрама бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай, ұпай бөлісті. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы