Алғашқы тең ойын: Еуропа чемпионатының үшінші жарыс күні қалай өтті?

Футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының үшінші жарыс күні артта қалды. Бұл күні «С» және «D» топтары командалары жарысқа қосылды. 

Бұл күнгі ойындар Польша мен Нидерланд құрамалары арасындағы кездесумен басталды. Гамбургте өткен ойын есебін Польша құрамасы ашты. Матчтың 29-минутында Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо таразы басын теңестірді. Ал 83-минутта шабуылшы Ваут Вегорст Нидерланд құрамасын алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1 - Нидерланд құрамасының жеңісі. 

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топта болған Словения мен Дания құрамалары турнирде де бір, «С» тобында өнер көрсетуде. Командалардың 1-тур аясында өткізген ойынында құрамалар тең тарқасты. Осылайша, биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы тең ойын тіркелді. Дания құрамасынан Кристиан Эриксен нәтижелі соққымен көзге түссе, Словения командасының голын Эрик Янжа соқты. Сонымен қатар, Словения құрамасы Еуропа чемпионаты тарихындағы алғашқы ұпайын еншіледі. 

Кезекті жарыс күніндегі соңғы ойын Сербия мен Англия құрамалары арасында өтті. Минималды есеппен аяқталған ойындағы жалғыз голды кездесудің 13-минутында Джуд Беллингем соқты. 


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы