Еуропа чемпионаты екінші ойын күнінің нәтижесі

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Бұл күні Венгрия - Швейцария, Испания - Хорватия, Италия - Албания құрамалары арасында матчтар өтті. 

Алманиядағы ала доп бәсекесінің екінші ойын күнін Венгрия мен Швейцария командалары ашты. Бұл кездесу есебін швейцариялық Кводво Дуа ашса, ойынның 45-минутында Михел Эбишер басымдықты арттыра түсті. Матчтың 66-минутында Венгрия құрамасының шабуылшы Барнабаш Варга есеп айырмасын қысқартқанымен, 90+3' минутта Брил Эмболо таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді. 

«В» тобында өнер көрсететін Испания мен Хорватия құрамалары арасындағы ойынның 29-минутында есеп ашылды. Гол авторы - Альваро Мората. Арада үш минут өткенде Фабиан Руис есеп айырмасын ұлғайта түсті. Ал 45+2-минутта Даниэль Карвахаль есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл есеп ойын соңына дейін өзгеріссіз қалып, Испания құрамасы сенімді жеңіске қол жеткізді. 

Еуропа чемпионатының екінші жарыс күні Албания мен Италия арасындағы матчпен қорытындыланды. Албания құрамасы жылдам гол соғып, кездесудің алғашқы минутында жартылай қорғаушы Недим Байрами көзге түсті. Ойынның 11-минутында италиялық қорғаушы Алессандро Бастони таразы басын теңестірсе, 16-минутта Николо Барелла командасын алға шығарды. 

Екі жарыс күнінің қорытындысында, «А» тобында қоржынында үш ұпайы бар Германия көш бастап тұр, Швейцария құрамасы да үш ұпай олажалай алды. Ал «В» тобында бүгінгі ойындарда жеңіске жеткен Испания мен Италия командалары бірінші және екінші орынды бөлісіп тұр. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі
Португалия құрамасының ойыншысы мен інісі жол апатынан қаза тапты
Юлия Путинцева мен америкалық Пейтон Стернс жұбы Уимблдон турнирінде жеңіліп қалды
Астанада ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің алғашқы айналымында жеңілді
World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін