Еуропа чемпионаттарының алғашқы матчтары қандай нәтижемен аяқталған

Бүгін Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өз бастауын алады. Жаһан жұртының назарын өзіне аудартқан ала доп бәсекесінің алғашқы матчы Германия мен Шотландия командалары арасында өтеді. Ал бұған дейінгі, 2016 және 2020 жылғы кәрі құрлық бәсекелерінің беташар ойындары қандай нәтижемен аяқталған? Шолу жасап көрдік. 

Сен-Дениде 2016 жылғы доданы Франция мен Румыния құрамалары бастады. Стад де Франс стадионы бұған куә. 51 минутта Оливье Жиру есеп ашқанымен, румындар да қарап қалған жоқ. Бірнеше мәрте қақпашы Льористің иелігінен саңылау табуға әрекет жасады. Ақыры Богдан Станку пенальтиден есепті теңестірді. Ойынның аяқталуына санаулы минут қалғанда Димитри Пайет есепті еселеп, матч қаһарманы болған сәтті қалайша ұмытамыз? 


2020 жылы өтуі тиіс болып, бірақ әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы салдарынан Еуроның доп додасы 2021 жылы Италияда жалғасты. 13000-ға жуық көрермен Италия-Түркия арасындағы кездесуіне куә болды. Ол ойында да алаң иелері сенімді түрде жеңіске жетіп, алғашқы топтағы ұпайды еншіледі. Чиро Иммобиле үздік ойыншы атанды. Ол, гол соғып, нәтижелі пас та берді. 


Байқаған боларсыз барлығында да алғашқы болып есеп ашқан - алаң иелері. Өзім дегенде өгіздей күшім бар деп өз жерінде кім-кімнің намысқа тырысары заңдылық. 2024 жылдың алғашқы ойыны Германия – Шотландия арасында. Қалай ойлайсыздар бұл үрдіс бүгінгі ойында бұзыла ма?

Германия - Шотландия матчын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары сағат 23:50-де тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, ойынның тікелей көрсетілімін qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарынан, «Qazaqstan.tv», «Birge.tv» мобильді қосымшасынан, «Qazaq radiosy» арқылы көруге болады. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қош айтысты
Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады