«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан XVII Еуропа Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы ел аумағында онлайн трансляция жасалады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболсүйер қауымның сұранысын ескере отырып, тұрақты түрде ірі спорттық жарыстардан көрсетілімдер ұсынып келеді. EURO 2024 көрсетілімінің құқығына лицензиялық келісімшарт негізінде қол жеткіздік. Қазақстандық көрермен бір ай көлемінде екі арнадан Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады. Сонымен бірге Еуропа стадиондарында бір ай бойы Корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді» - деді «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Шығармашылық топ құрамында журналист Ерсін Ерік, Виктор Кирилюк, Шерхан Жамбылұлы бар. XVII Еуропа Чемпионаты аясында «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында 20-ға жуық комментатор қызмет етеді.

24 команданың қатысуымен өтетін UEFA EURO 2024 ойындары Германияның 10 қаласындағы 10 стадионда ұйымдастырылады. 14 маусым күнгі алғашқы матчта Германия – Шотландия құрамалары кездеседі. Финал 14 шілдеде Берлиндегі «Олимпиаштадионда» өтеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі